• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1160

254 рет
көрсетілді

2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» 1999 жылғы 27 мамырдағы №659 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне» деген бөлім: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 264-10-жолмен толықтырылсын: «264-10 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры» акционерлік қоғамы. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне» деген бөлім алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне» деген бөлім: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 363-1-жолмен толықтырылсын: 363-1 «Еуразия сауда жүйесі» тауар биржасы» акционерлік қоғамы.»; 2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде: 1-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) өңірлік даму, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, өзін-өзі реттеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық, елді мекендердің шекарасы (шектері) шегінде сумен жабдықтау және су бұру, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік реттеу, жер ресурстарын басқару, геодезиялық және картографиялық қызмет;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі (бұдан әрі – реттелетін сала) және органикалық өнім өндіру салаларында басшылықты, салааралық үйлестіруді, стратегиялық, реттеуші, бақылау-қадағалау, іске асыру және рұқсат ету функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.»; «Міндеттері» деген 15-тармақ: мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: «14-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;»; мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын: «38-1) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;»; «Орталық аппараттың функциялары» деген 16-тармақ: мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру;»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу және түзету;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) мемлекеттік бағдарламалар мен үкіметтік бағдарламалар тізбелерін қалыптастыру және түзету;»; 8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «8) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын келісу;»; 29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «29) өндіруге арналған келісімшарттардың жобаларына, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттардың жобаларына, сондай-ақ бұрын жасалған келісімшарттарға енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;»; 30) тармақша алып тасталсын; 32) тармақша алып тасталсын; 34) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «34) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастыру; 35) бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету;»; 39) және 40) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «39) мемлекет кепілгерліктерін беру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру; 40) бірлесіп қаржыландыру шартында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды қарау;»; 44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «44) республикалық бюджеттік инвестициялық және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу;»; 46), 47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «46) бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау; 47) республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері, оның ішінде концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін жіберу; 48) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіру мен әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;»; 50) және 51) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «50) бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту; 51) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды кон­­­сультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер құнын айқындау әдістемесін бекіту;»; 61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «61) тауарлар нарықтарына мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;»; 64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «64) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, мөлшерлемелерін, алымдарын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін айқындау;»; 128) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «128) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;»; 155) тармақша алып тасталсын; 169) және 169-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «169) сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешенді ведомстводан тыс және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшін мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларын бекіту; 169-1) қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама) бойынша сараптама қорытындыларын ресімдеу қағидаларын бекіту;»; 174) тармақша алып тасталсын; 178) тармақша алып тасталсын; 193) тармақша алып тасталсын; 222) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «222) реттеуші мемлекеттік органдар ұсынған Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 3-тармағымен көзделген құжаттар бойынша ұсынған реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қарау және реттеуші мемлекеттік органдардың заңнамада белгіленген рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды ұсыну;»; 268) тармақша алып тасталсын; 272) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «272) мемлекеттік резерв жүйесін басқару, мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдері жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;»; 277), 278), 279) тармақшалар алып тасталсын; 281) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «281) тауарлар бағаларына мониторинг жүргiзу және бағалар нарыққа реттеушiлік әсер ету орынды болатын деңгейге жеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметiне сауда қызметiнiң субъектiлерiн – алушыларды, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемін, бағасын және сауда үстемеақысының мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттігі туралы ұсыныс енгізу;»; 282) тармақша алып тасталсын; 299) тармақша алып тасталсын; 302) тармақша алып тасталсын; 303-1) тармақша алып тасталсын; 304) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «304) құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекiту;»; 310) тармақша алып тасталсын; 325) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «325) реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 326) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 339-12), 339-13), 339-14), 339-15),339-16), 339-17), 339-18), 339-19), 339-20), 339-21), 339-22), 339-23), 339-24), 339-25), 339-26), 339-27), 339-28), 339-29), 339-30), 339-31), 339-32), 339-33), 339-34), 339-35), 339-36), 339-37), 339-38), 339-39), 339-40), 339-41), 339-42), 339-43), 339-44), 339-45), 339-46), 339-47), 339-48), 339-49), 339-50), 339-51), 339-52), 339-53), 339-54), 339-55), 339-56), 339-58), 339-59) тармақшалармен толықтырылсын: «339-12) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тарту; 339-13) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын және шарт жобасын, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу; 339-14) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесін бекіту; 339-15) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту; 339-16) экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын бекіту; 339-17) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту; 339-18) соттардың заңды күшіне енген шешімдері негізінде қалыптастырылатын жосықсыз әле­­­уетті жекеше әріптестердің тізбесін жүргізу және бұл тізбені өзінің интернет-ресурсында орналастыру; 339-19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарын бекіту; 339-20) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту тәртібін айқындау, сондай-ақ іске асырылуы жоспарланатын республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру және бекіту; 339-21) мемлекеттік кепілдік беру арқылы іске асыру ұсынылатын, Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператордың және астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияның инвестициялық жобаларының тізбесін қалыптастыру және бекіту; 339-22) бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының, (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тiзбесiн бекіту; 339-23) реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) және оны түзету тәртібін айқындау; 339-24) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту; 339-25) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту; 339-26) тиісті саладағы (аядағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу; 339-27) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісу; 339-28) тиісті салада немесе мемлекеттік басқару саласында өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу; 339-29) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту; 339-30) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын бекіту; 339-31) құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңарту қағидаларын бекіту; 339-32) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту; 339-33) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ әртүрлі деңгейдегі аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу жөніндегі жұмыстардың құнын айқындау қағидаларын бекіту; 339-34) ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп тексеруді жүзеге асыру қағидаларын бекіту; 339-35) сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындау; 339-36) объектілер құрылысы жобасын басқару бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету тәртібін және жобаларды басқару бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту; 339-37) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын бекіту; 339-38) жобалау және құрылыс процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын бекіту; 339-39) техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер мен жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейлерінің техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерінде ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп тексеру бойынша сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарын бекіту; 339-40) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту; 339-41) мемлекеттік монополия субъекті өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын белгілеу; 339-42) мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсететін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын бекіту; 339-43) Нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектілерін енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту; 339-44) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін үйлестіру; 339-45) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының меморандумдары жобаларын қарау және келісу; 339-46) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу тәртібін айқындау; 339-47) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзе­ге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау; 339-48) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын өз құзыреті шегінде бекіту; 339-49) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу тәртібін, мерзімдерін айқындау; 339-50) халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту; 339-51) темекі бұйымдарында никотин мен шайырлы заттардың болуының жол берілетін шекті деңгейлерін айқындау; 339-52) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану оқиғаларын тіркеу, есебін жүргізу, сондай-ақ олар бойынша есептілік жүргізу тәртібін айқындау; 339-53) санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен халықтың улану оқиғаларын зерттеп тексеру тәртібін айқындау; 339-54) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын бекіту; 339-55) стационарлық сауда объектілерінің түрлері мен оларға қойылатын талаптарды бекіту; 339-56) электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларын бекіту; 339-57) реттеуші мемлекеттік органдарға реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету және олардың қызметін үйлестіру; 339-58) реттеушілік әсерге баламалы талдау жүргізу; 339-59) мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын статистикалық есептіліктің бірыңғай тізілімін бекіту;»; «Ведомстволардың функциялары» деген 17-тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларына, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өзге де қала құрылысы құжаттамасына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру;»; 4) тармақша алып тасталсын; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, тұрғын үй-коммуналдық саладағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеуді, бекітуді, қолданысқа енгізуді және жоюды ұйымдастыру;»; 48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «48) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзудiң дұрыстығын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;»; 78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «78) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікті шектеуге және (немесе) жоюға бағытталған актілерінің, әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу;»; 87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «87) нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен зерттеп тексеру жүргізу;»; 89) тармақша алып тасталсын; 90) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «90) мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізу;»; 98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «98) бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамада белгіленген жағдайларда, құқық қорғау органдарына тауар нарықтарындағы бәсекелестiктiң жай-күйi туралы талдамалық ақпарат пен мониторингтеу деректерiн беру;»; 102) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «102) мыналардың: экономикалық шоғырландыруды жүзеге асыру туралы өтінішхаттың; акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, заңды тұлға және олармен үлестес тұлғалар құру туралы өтінішхаттың; нарық субъектiлерi ұсынатын өнiмнiң монополиялық түрлерi бойынша, өндiру мен өткiзу көлемдерi, өткiзiлетiн монополиялық тауарларды босату бағалары мен кірістілік деңгейi туралы тоқсан сайынғы ақпараттың үлгi нысандарын белгілеу және айқындау;»; 121), 122), 123) және124) тармақшалар алып тасталсын; 125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «125) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, оның ішінде концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессияның конкурстық құжаттамасын, шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, оның ішінде концессияға табиғи монополиялар саласына жататын көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтерін (бағаларын, мөлшерлемелерін, алымдарын) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келісу;»; 130) тармақша алып тасталсын; 170) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «170) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан тексеруді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»; 171) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 227-1) тармақшамен толықтырылсын: «227-1) органикалық өнімдерді өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының органикалық өнімдер өндіру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;»; 249) және 250) тармақшалар алып тасталсын; 252) тармақша алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 266-1), 266-2), 266-3), 266-4), 266-5), 266-6), 266-7), 266-8), 266-9), 266-10), 266-11), 266-12), 266-13), 266-14), 266-15), 266-16), 266-17), 266-18), 266-19), 266-20), 266-21), 266-22), 266-23), 266-24), 266-25), 266-26), 266-27), 266-28), 266-29), 266-30), 266-31), 266-32), 266-33), 266-34), 266-35), 266-36), 266-37), 266-38), 266-39), 266-40), 266-41), 266-42), 266-43), 266-44) тармақшалармен толықтырылсын: «266-1) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру; 266-2) құрылыстағы баға белгілеу мен сметалық нормалар бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту; 266-3) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілердің құрылысы саласындағы баға белгілеу және экономика бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру; 266-4) құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және жүйелі түрде жаңартып отыру; 266-5) объектілер құрылысы жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу; 266-6) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу; 266-7) жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп тексеруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу; 266-8) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысатын инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аккредиттелген мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарының тізілімін жүргізу; 266-9) жобалау және құрылыс салу процесіне қатысатын аттестатталған инженерлік-техникалық жұмыскерлердің тізілімін жүргізу; 266-10) жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп тексеру бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу; 266-11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың тізілімін жүргізу; 266-12) үстем немесе монополиялық жағдайдағы нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің нысанын бекіту; 266-13) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларын қолдану туралы ақпаратты таратуды және адал бәсекелестікті насихаттауды жүзеге асыру; 266-14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқық қорғау органдарына жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы жүгіну; 266-15) нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін әрекетті (әрекеттерді) жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жіберу; 266-16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда тауар нарықтарында мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын өнімдердің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы бойынша ұсыныстар әзірлеу; 266-17) табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтері (бағалары, мөлшерлемелері, алымдары) мен тарифтік сметаларының жобаларына талдау мен сараптама жүргізу мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес құру; 266-18) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту; 266-19) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді тіркеуді жүргізу; 266-20) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу; 266-21) ұлттық санақтар жүргізу; 266-22) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 266-23) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді тіркеу қағидаларын бекіту; 266-24) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң дәйектілігіне нақтылау жүргізу; 266-25) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң дәйектілігіне нақтылау жүргізу қағидаларын бекіту; 266-26) уәкілетті органның ресми дереккөздерден алған деректерін мониторингтеуді, талдауды және оларды салыстыруды жүзеге асыру; 266-27) әкімшілік дереккөздерге қатысты тексеру және бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 266-28) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды тұлғалар тізбесін бекіту; 266-29) салықтық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ұсыну қағидаларын бекіту; 266-30) қайта идентификатталған түрдегі деректер базаларын ұсыну және ғылыми мақсатта пайдалану тәртібін бекіту; 266-31) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің статистикалық әдіснамасын және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекіту; 266-32) кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қыз­­­меттерді жеткізуші нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлеу; 266-33) мемлекеттік қала құрылысы кадастрын құру және оның жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру; 266-34) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу; 266-35) мемлекеттік резервтің номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарын ауыстыру туралы шешім қабылдау; 266-36) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырысты орналастыру туралы шешім қабылдау; 266-37) республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу бағаларын бекіту; 266-38) тұрғын үй қатынастары саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; 266-39) аумақтық органдардың ережелерін бекіту; 266-40) өтеусіз негізде әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бекіту; 266-41) заңнамада белгiленген тәртіппен мемлекеттiк статистика саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру; 266-42) тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындау; 266-43) тиісті саладағы (аядағы) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін енгізу; 266-44) заңнамада белгіленген тәртіппен орталық аппаратпен келісу бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары мен олардың орынбасарларын тағайындау;»; 290) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «290) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын, инвестициялық бағдарламаның (жобаның) нысанын, оның орындалуы туралы ақпараттың нысанын және бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурста жариялауға арналған нысанды бекіту тәртібін айқындау;»; «Құқықтары мен міндеттері» деген 18-тармақ: мынадай мазмұндағы 59-1) және 59-2) тармақшалармен толықтырылсын: «59-1) жеке деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету; 59-2) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу;»; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: «5. «Еуразия сауда жүйесі» тауар биржасы» акционерлік қоғамы;»; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: «10. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» акционерлік қоғамы.»; «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» деген бөлім алып тасталсын; 2. Осы қаулы: 1) 2016 жылғы 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының жүз елу бірінші абзацын; 2) 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының жүз елу тоғызыншы, жүз алпысыншы, жүз алпыс бірінші, жүз алпыс екінші, жүз алпыс үшінші, жүз алпыс төртінші абзацтарын; 3) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасының екі жүз төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 3. 1-тармақтың 2) тармақшасының жүз төртінші абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.